БАҒАЛЫ МЕТАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫ САТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

 БАҒАЛЫ МЕТАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫ САТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті қымбат металдардан жасалған зергерлік бұйымдарды сату саласындағы заңнаманың талаптарын түсіндіру бойынша шаралар кешенін ұйымдастырады.

Осылайша, 2019 жылдың 19 сәуір күні Департамент және «КазСтИн» РМК Қостанай филиалымен бірлесіп «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» ҚР Заңының және ҚР СТ 967-93 «Бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдар. Жалпы техникалық шарттар» кездесу ұйымдастырды.

Кездесудің мақсаты - зергерлік бұйымдар саласындағы заңнаманың талаптары, сондай-ақ зергерлік бұйымдарды міндетті сынамалаудан турде және танбалаудан өткізу, бұл тұтынушыларды алдау тәжірибелерін болдырмауға және бұрмалануларға мүмкіндік бермейді.

Заңның талаптарына сәйкес, зергерлік бұйымдарда міндетті түрде «Барстың басы» символы мен «KZ» халықаралық аббревиатурасы бар, уәкілетті ұйымдардың кодтары бейнеленген Қазақстан Республикасының бірегей мөрі, сондай-ақ өндіруші дайындаған қолданыстағы карточканың белгісі міндетті болып табылады.

Кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 190-1 бабына сәйкес 50-ден 150 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту жасалды.

Кездесу қорытындысы бойынша зергерлік бұйымдарды сатуға қатысты ұсыныстар берілді.