
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің «ҚазСтИн» РМК-ның Алматы қаласындағы филиалы, «ҚазМетрИн» ОҚФ РМК және «ҰАО" ЖШС-ның Алматы қаласындағы өкілдігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілдің тапсырмасы аясында орта білім беру мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында түсіндіру жұмыстарын бастады.
Сонымен, № 187 жалпы білім беретін мектепте бітіруші класстарымен кездесу өткізілді. Оларға Департаменттің қызметі жайлы түсініктеме берілді.
Бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлері өз ұйымдарындағы жұмысы туралы әңгімелеп, оның мамандығының маңыздылығын түсіндірді және тұтастай алғанда қоғамға қалай маңыздылы бар екенін атап өтті.
