В АЛМАТЫ ПРАЛМАТЫДА ҚР ӘҚБ КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТКІЗІЛДІОВЕДЕНА ТЕХНИЧЕСКАЯ УЧЕБА ПО ВНЕСЕННЫМ ИЗМЕНЕНИЯМ В КОАП РК

 В АЛМАТЫ ПРАЛМАТЫДА ҚР ӘҚБ КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТКІЗІЛДІОВЕДЕНА ТЕХНИЧЕСКАЯ УЧЕБА ПО ВНЕСЕННЫМ ИЗМЕНЕНИЯМ В КОАП РК

2019 жылдың 18 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру және ӘҚББТ, ТБЖ бағдарламасын пайдалану мәселелері бойынша техникалық оқу өткізді.

Мемлекет басшысымен 2018 жылдың 5 қазанында № 183-VI ҚРЗ "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 2019 жылғы 11 сәуірде ҚР жоғарыда аталған Заңдар күшіне енді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Аталған іс - шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Алматы қаласы бойынша басқармасының (бұдан әрі-Алматы қаласы бойынша БП ҚСжАЕКБ) бөлім прокурорлары Батырбеков Ернар, Нұрсалиев Нұрқанат, Мұсабеков Арман, Аханұлы Айдын қатысты.

Отырыс барысында Тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу кезінде, талонды жабу кезінде, құқық қорғау, Арнайы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпараттық алмасу жүйесіне қол жеткізу үшін планшеттерді пайдалану кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 62, 415, 415-1-баптарына енгізілген өзгерістер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Ашық диалог пен жемісті пікір алмасу өтті, сондай-ақ қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жұмыста қажетті ұсыныстар алды.