
18 сәуірінде Петропавл қаласында менеджмент жүйесін кәсіпорындарда енгізу тақырыбында аймақтық семинар өтті. 100-ден аса Солтүстік Қазақстан облысының қызығушылығы бар оқытылды.
Сапа менеджменті н оқуға мемелекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен ассоциациялар, өндірістік кәсіпорындар, сәйкестікті бағалау органдары және зертханалар мен ЖОО-ның мамандары қызығушылық білдірді.
«ҚазСтИн» РМК Оқыту, сертификатау және ғылыми жұмыс бөлімінің бастығы, ISO 9001, 14001, 18001, 50001 және т.б. сарапшы-аудитор - Гүлмайда Кәрімова дәріс оқыды.
Семинардың бірінші жартысында «ISO 9004 Менеджмент жүйесі. Ұйым сапасы. Тұрақты жетістікке жету ұсыныстары» (Менеджмент жүйесі және ұйым жетістігі. Ұйымның сәйкестігі, оның мақсаты, келешгі, құндылықтары мен мәдениеті. Басқару процессіндегі құзыры мен жауапкершілігі. Қызметкерлерді қызықтыру және менеджмент қоры. Кәсіпорынның өнімділігін бағалау және талдау. Ішкі аудит.) тақырыбы қарастырылды.
Екінші жартысында өзекті тақырыпты талқылады: ISO 50001 «Энергетикалық менеджменті жүйесі. Пайдалануға қойылатын нұсқаулық пен талаптар» талқыланды. Гүлмайда Каримова энергетикалық менеджмент жүйсінің қолданылу аймағын анықтау, энергетикалық көрсеткіштердің тиімділігі, жүйені қолдау, құжаттық ақпарат, энергетикалық тиімділіктің көрсеткіштері мен энергетика менеджмент жүйесі, сондай-ақ осы стандартты ұйымдарда енгізудің артылықшығы туралы ой қозғады.
Стандартты барлық ұйымдарда қолдануға болады, салаға бөлінбейді және көлемі қарамайды, сонымен қатар ISO 50001 стандарты жалпы қабылданған стандарттар үйлесімділіктің жоғары дәрежесіне ие, олар: (Сапа менеджмент жүйесі), ISO/IEC 27001 (ақпараттық қауіпсіздік), ISO 14001 (Экологиялық менеджменті), ISO 31000:2009 (Тауекел-менеджменті) деп аяқтады.
