НАН-ТОҚАШ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІЛЕРГЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

НАН-ТОҚАШ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІЛЕРГЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

2019 жылдың 19 сәуірінде ИИДМ ҚР Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «ҚазСтИн» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының және «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ өкілдерімен бірлесіп   "Ақсай" ХБК"  ЖШС қызметкерлерімен жұмыстық кездесу өткізді.

Осы кездесудің мақсаты техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамаларды түсіндіру болып табылады.

"Ақсай" ХБК" ЖШС - Қазақстан Республикасының ең ірі заманауи наубайханалық кәсіпорындарының бірі болып табылады.  Кәсіпорын 1987 жылы құрылды. Кәсіпорын күн сайын 150 тоннадан астам өнім шығарады, 1000-нан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Шығарылатын өнімнің тізбесі мынадай топтарға бөлінеді: нан, нан-тоқаш, ұннан жасалған кондитерлік және құрғақ өнімдер және екі жүзден астам атауды құрайды.

Компания ішінде ISO 9001 халықаралық стандарттары мен НАССР қағидаттары негізінде әзірленген біріктірілген менеджмент жүйесі жұмыс істейді. Қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған технологиялық зертхана шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қатаң бақылауды жүзеге асырады.

Кездесу барысында Департамент қызметкерлері және  Техникалық реттеу және метрология комитетіне ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдері «Стандарттау туралы»,  «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын, кәсіпорынды метрологиялық қамтамасыз ету, дайын өнімді заттаңбалау бөлігінде, өнімнің сәйкестігін растау, техникалық реттеу және метрология саласында мамандарды оқыту туралы түсіндірілді.

Кездесу соңында ашық диалогтар мен  пікір алмасулар орын алды.