
11 сәуірде «Стандарттау туралы» Заң күшіне енді. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган болып Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты белгіленді. Осыған байланысты Институт стратегиялық даму жоспарын әзірледі, оның жобасы көпшілік алдында талқылауға шығарылды, ал бүгін ҰСО стратегиясын Нұр-сұлтан қаласы Эталон орталығында өткен дөңгелек үстел басында талқылады.
Стратегиялық жоспар-бұл институт Миссиясын айқындайтын орта мерзімді құжат (5 жылға) - мемлекеттің, бизнестің және тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыратын консенсус негізінде талап етілетін стандарттарды жасау. Сондай - ақ, ҰСО стратегиясы - стандарттау саласындағы тиімді оператор, яғни стандарттау жөніндегі талдамалық және әдіснамалық орталыққа айналуды көздейді.
«ҚазСтИн» РМК Бас директоры Хайрат Кәрібжанов дөңгелек үстелді аша отырып, «- Стандарттау жөніндегі ұлттық орган жалпы қабылданған халықаралық тәжірибеге сәйкес стандарттау жөніндегі барлық процестерді үйлестіретін орталық ретінде жұмыс істеуге бағытталған. Бүгін біз сарапшылар тобы өкілдерімен негізгі стратегиялық бағдарларды талқылап, оны конструктивтік шешімдерге алып келетін диалогтық форматта жасау маңызды», - деп атап өтті.
Жоғарыда айтылғандай, бұл талқылау сапалы деңгейде өтті - техникалық сарапшылар, оның ішінде мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынақ, тексеру және калибрлеу зертханаларының, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, қауымдастықтардың, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері бар. Отырыс басында қатысушылар «ҚазСтИн» РМК Стратегиялық даму жоспарының қысқаша презентациясымен және оны іске асырудың негізгі кезеңдерімен танысты. Бұдан әрі тікелей диалог барысында қатысушылар нақты сұрақтар мен ұсыныстармен сөз сөйледі.
Жазира Шүйкебаева, «Атамекен» ҰКП Техникалық реттеу департаментінің директоры кәсіпкерлердің рактикалық қолдану кезеңінде стандарттардың сұранысқа ие өлшемдерінің көрсеткіштері мәселесін көтерді.
Қазақстанның қаптаушылар қауымдастығы базасында құрылған «Ыдыс және буып-түю» ТК 106 басқарма төрағасы Батырбек Әубәкіров стандарттау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру қажеттілігіне назар аударды. - Кадрлар бәрін шешеді, - деп атап өтті қатысушы.
Айгүл Жұмаділова «GREENORDA PROJECT» ЖШС парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органның басшысы ұйымдардың практикада пайдалануын одан әрі жетілдіру мақсатымен әзірлеу сатысындағы стандарттар методологиясы мәселелерін көтерді.
Амангелді Орынбасаров «Нанотехнологиялар» ТК 72 төрағасы мамандардың біліктілігін арттыру арқылы салалық стандарттауды дамытуды ұсынды. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушыларды Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы ғылыми қызметті дамытуға ерекше көңіл бөлуге шақырды.
Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің зертханаларды дамыту бөлімінің бастығы Сандуғаш Мұқажанова ұйым стандарттарын тіркеу және қолдану тақырыбын айтты.
Марлен Уржан «ҰССО» АҚ стратегиялық даму жөніндегі вице-президенті сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханалары үшін сапалы стандарттарды әзірлеу рөліне назар аударды.
Май өнімдерін өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Диляра Жұмаділова ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша әдістеме әзірлеу одан әрі кедергісіз қолдану мақсатында ұсыныс жасады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар стратегияға енгізілген іс-шараларды талқылауға белсенді қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша талқыланған құжатты қолдау және ҰСО-ның барлық стратегиялық бағыттарын практикалық тұрғыдан іске асыру туралы шешім қабылданды.
