МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ЖӘНЕ БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ЖӘНЕ БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

ИИДМ ҚР Техниқалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы 2019 жылдыңң 19 сәуірінде Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында аккредиттеу жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылау жөнінде мемлекеттік органдар және бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.

Дөңгелек үстелге қатысушы – аккредиттеу субъектілерінің мәселелерін талқылау барысында ЕЭО аясында Техникалық регламенттерімен жұмыс мәселелері,  ISO/IEC 17025 стандартының жаңа нұсқасына өту мерзімдерін қарау бойынша сәйкестікті бағалау және аккредиттеу жүйесіндегі мәселелерді реттеу мақсатында аккредиттеу саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар қаралды.

Жүйені келешекте дамытудың басым бағыттары мен келешегін белгілеу мәселелерін талқылай келе  дөңгелеу үстел отырысының қатысушылары мына іс-шараларды келісті:

  1.  Аккредиттеу жөніндегі органның аккредиттеу бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарға толыққанды мүшелік міндеттелемелі мен ережелерін сақтауға.
  2. Жүйеде сыбйлас жемқорлыққа жол бермеуге.
  3. Алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарды, цифрландыруды енгізу,тауарларды жеткізу және олардың қауіпсіздігін қадағалау бөлігінде аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы заңнаманы жетілдіруге.
  4. ЕЭО елдерінің аккредиттеу жүйесін үндестіруге бастама көтеру.
  5. Аккредиттеу және сәйкестікті бағалау бойынша  ақапарттық жүйенің траспаренттілігін жетілдіру бойынша іс-шараларды белсендіру.
  6. «Жасырын» және сәйкестікті растауға берілген негізсіз құжаттармен  күресте бірлескен қызмет.