
Баланы мектепке жібергенде, біз күнделікті ойланамыз, онда оған қауіпсіз бе? Білім беру мекемелерінде балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды назар аударуды талап етеді.
Оқушыларға медициналық көмек көрсету, мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде, қазандықтарды пайдалану кезінде өлшеулердің дұрыс нәтижелерін қамтамасыз ету өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың негізгі мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысының білім беру объектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді: Қарағанды қаласының №№ 40, 33, 56, 134, 50, 60, 11 негізгі мектептерде, "Таңшолпан" балалар үйінде, Балқаш қаласындағы "Күншуақ" балабақшасында. Анықталған бұзушылықтар нәтижелері азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кезінде пайдаланылатын өлшемдерге қатысты болды. Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инспекторлар білім беру мекемелеріне бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берді.
Бақылау барысында білім беру объектілеріне Қазақстан Республикасының "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" заңының талаптары, сондай-ақ профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, заң бұзушылардың жауапкершілігі туралы айтылды.
Заңнаманы талқылау қорытындысы бойынша нәтижелі пікір алмасып, ұйым өкілдері қойылған сұрақтарға жауап алды.