"FANKY TOWN" ОЙЫН-САУЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ

"FANKY TOWN" ОЙЫН-САУЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ

19.04.2019 ж. Алматы қаласы бойынша ТРМК департаментінің мамандары МОЛЛ «Апорт» аумағында орналасқан Fanky Town "ойын-сауық саябағында жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесудің мақсаты компания ұжымына ЕАЭО 038/2016 "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарын түсіндіру болды.

Осы Техникалық регламент Аттракциондардың қауіпсіздігіне және онымен байланысты адамның өмірін және (немесе) денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында жобалау, дайындау, монтаждау (жинау, орнату), баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату процестеріне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.

Техникалық регламентті қолдану саласы техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақ аумағында алғаш рет айналымға шығарылатын аттракциондарға, уақытша орнатылатын аттракциондарға және тұрақты аттракциондарға қолданылады, оларды пайдалану кезінде жолаушыларға әлеуетті биомеханикалық қауіп дәрежесіне биомеханикалық әсер етуі қаралды.

Аттракциондар құралдарын сәйкестендіру, аттракциондарды айналымға шығаруды жүзеге асыратын дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы (жеткізуші), сертификаттау жөніндегі орган тіркеген, сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының бірыңғай тізіліміне енгізілген сертификаттау жөніндегі орган, мүше мемлекеттің уәкілетті органы осы Техникалық регламент талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырған кезде жүргізіледі.

Аттракциондар одақ нарығында айналымға сәйкестігі бағалаудан өткен жағдайда және де осы техникалық регламенттің талаптарын қанағаттандырғанда ғана шығарылады.

Осы техникалық регламенттің талаптарын қанағаттандыратын аттракциондар одақ нарығында, өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс.

Айналымға шығарылатын аттракциондар оларды мақсаты бойынша пайдаланған жағдайда қызметтің барлық тағайындалған мерзімі (тағайындалған ресурс) ішінде қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс.

Осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі расталмаған аттракциондар Одақ нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланбауға тиіс және Одақ нарығында айналымға шығаруға жол берілмейді.

Қауіпсіздік талаптары - аттракциондарды жобалау кезінде өмірлік циклдің барлық сатыларында, оның ішінде қалыпты пайдалану кезінде, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда (істен шығу және сыртқы әсер ету нәтижесінде), персоналдың болжамды қателіктері және жол берілмейтін пайдалану кезінде барлық ықтимал тәуекелдер сәйкестендірілуі тиіс.

Сәйкестікті растау: одақ аумағында айналымға шығарылатын аттракциондар осы техникалық регламенттің талаптарына, сондай-ақ күші оларға қолданылатын одақта күшіне енген басқа да техникалық регламенттерінің талаптарыда сәйкестігін бағалауға жатады.

Сәйкестікті бағалау сәйкестікті растау, тіркеу және техникалық жай-күйін бағалау нысандарында да жүргізіледі.

Аттракциондардың осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау, міндетті сертификаттау немесе сәйкестікті декларациялау нысанында жүзеге асырылады.

Өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалау осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті растау рәсімінен өткен аттракциондар, одақ нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланады.

Одақ нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалау аттракциондарды айналымға шығарар алдында жүзеге асырылады.

Одақ нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі аттракциондардың бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде нақты және айқын бейнені қамтамасыз ететін кез келген тәсілмен салынады.

Одақ нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі бұйымның өзіне және пайдалану құжаттарына енгізіледі.