ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы А. Д. Әбенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен болды

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы А. Д. Әбенов Солтүстік Қазақстан облысына  жұмыс сапарымен болды

2022 жылғы 17 маусымда Солтүстік Қазақстан облысына Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы А. Д. Әбенов жұмыс сапарымен келді.

          Сапар барысында А. Д. Әбенов Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұжымымен кеңес өткізді, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жетілдіру, қызметкерлер арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті белгілеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Департаменттің ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі жұмысының қорытындысы шығарылды, екінші жартыжылдыққа жоспарлар тыңдалды, міндеттер қойылды және мемлекеттік бақылаудың негізгі бағыттары бойынша тапсырмалар берілді.

          Өңірге сапары барысында А.Д. Әбенов Петропавл қаласындағы «Agro Lab» ЖШС аккредиттелген сынақ зертханасына барды.  Зертхана алты көрсеткіш бойынша топыраққа кешенді талдау жүргізеді: топырақтың рН-ын, азоттың, жылжымалы фосфор мен калийдің, күкірттің құрамын, қарашіріктің құрамын анықтау, сондай-ақ дәнді, дәнді-бұршақты, майлы дақылдар мен шөптердің егістік сапасын анықтаумен айналысады.

          Сондай-ақ, төраға «Радуга» ЖШС-да болды. Бүгінгі таңда «Радуга»  ЖШС - бұл көпсалалы, тұрақты дамып келе жатқан «RADUGA KDR» компаниясы. Кәсіпорынның Қазақстан бойынша филиалдар желісі бар, әртүрлі тауар санаттарындағы өнімдердің бес жүзден астам атауларын (тамақ өнімдері, пластмассадан және металдан жасалған бұйымдар, тұрмыстық химия және гигиенаға арналған тауарлар), яғни «қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде халықтың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету мақсатында күнделікті өмірде пайдаланылатын өнімдерді өндіреді.