
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен облыстық әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары М. Имандосовтың төрағалығымен 2019 жылы 22 сәуірде кезекті штаб отырысы өткізілді.
Отырыс өңірлік штабтар алаңы арқылы өңірден экспортқа өнім шығарушыларды экспорт-ел заңнамасының талаптары туралы хабарландыру шараларын жүргізу және ДЭФ ЖИК Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Ішкі нарықта жеткізушілердің сапасы» индикаторы деңгейін жақсарту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру мақсатында өткізілді.
Отырысқа өңірлік штаб мүшелері, экспортқа өнім шығарушы кәсіпорындар өкілдері қатысты.
Өңірлік штаб отырысында келесідей сұрақтар қарастырылды:
Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берді. Департамент басшысы барлық сұрақтар мен ұсыныстарды уәкілетті органдар мен Комитетке ұсыну үшін, департаментке хат арқылы жолдау қажеттігі жөнінде хабарлады.