АЛМАТЫ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ БІТІРЕТІН СЫНЫПТАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

АЛМАТЫ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ БІТІРЕТІН СЫНЫПТАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

2019 жылдың 24 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілдің тапсырмасы аясында Алматы қаласы Алатау ауданындағы № 169 мекеп-лицей және И.К.Мандоки атындағы № 154 мектепте түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оқу орындарында бітіруші 9 және 11 сыныптарының оқушыларымен кездесу өтті. Оқу бітірушілерге Департаменттің қызметі жайлы түсініктеме берілді. Департамент қызметкерлері өз жұмыстары жайлы әңгімелеп, оның мамандығының маңыздылығын түсіндірді және тұтастай алғанда қоғамға қалай маңыздылы бар екенін атап өтті.

Кездесу барысында, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Техникалық шарттары»  ҚР СТ 989-2014  № 1 өзгерістері жайлы ақпарат жеткізілді. Осылайша, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Техникалық шарттары»  ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандартына «ҚАЗАҚСТАН» сөзін  стандарттың барлық мәтіненде латын графикасында «QAZAQSTAN» сөзімен ауыстыруға байланысты өзгерістер енді.