ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ КИІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ КИІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік аумағында балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіз айналымы үшін Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті қабылданды (КО ТР 007/2011). Бұл құжат 2012 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді.

Техникалық регламент балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ өнімді пайдаланушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында химиялық, биологиялық, механикалық және термиялық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімге қойылатын міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейді және балаларға арналған мынадай өнімдерге қолданылады: киім, тоқыма материалдардан, тері мен теріден жасалған бұйымдар, аяқ киім және былғары галантерея бұйымдары, балаларды күтуге арналған бұйымдар (емізіктер, ыдыс-аяқ, санитарлық-гигиеналық және галантерея бұйымдары, тіс щеткалары), мектеп-жазу құралдары, ойындар мен ойыншықтар.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнім осы Техникалық регламентке сәйкес келген кезде нарыққа айналымға шығарылады, бұл ретте ол сәйкестікті міндетті растау рәсімінен өтуі тиіс.

Бір жасқа дейінгі балаларға арналған тоқыма материалдардан жасалған киім, трикотаж бұйымдары мен дайын тоқыма бұйымдары биологиялық және химиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс.

Жаңа туған нәрестелерге арналған бұйымдар мен 1 жасқа дейінгі балаларға арналған киім-кешек бұйымдары толтырғыштарды қоспағанда, табиғи материалдардан жасалуы тиіс, және киім-кешек бұйымдарындағы кесінділерді қосатын жіктер бет жағына орындалуы тиіс.

Синтетикалық материалдардан жасалған жаңа туған нәрестелерге арналған бұйымдардағы және 1 жасқа дейінгі балаларға арналған іш киім бұйымдарындағы (шілтер, тігістер, аппликациялар және басқа да ұқсас элементтер) сыртқы және сәндік элементтер баланың терісімен тікелей байланыста болмауы тиіс.

Өнімді таңбалау анық, тексерілетін, оқылатын және бақылау мен сәйкестендіру үшін қолжетімді болуы тиіс. Өнімді таңбалау бұйымға, бұйымға бекітілген затбелгі немесе тауарлық затбелгіге, бұйым орамына, бұйым тобының қаптамасына немесе өнімге жапсырма параққа салынады.

Өнімнің таңбалауында мынадай ақпарат болуы тиіс: өнім дайындалған елдің атауы; дайындаушының, импорттаушының, дистрибьютордың атауы және орналасқан жері; бұйымның атауы және түрі; дайындалған күні; нарықтағы айналымның бірыңғай белгісі; өнімнің қызмет ету мерзімі; кепілдік қызмет ету мерзімі; тауар белгісі.

Импорттық өнім үшін өнім дайындалған елдің атауын, дайындаушының атауын және оның заңды мекенжайын латын әріпімен пайдалана отырып көрсетуге рұқсат етіледі.

Киім, тоқыма материалдарынан, былғарыдан, үлбірден, трикотаж бұйымдарынан және дайын жеке тоқыма бұйымдарынан жасалған бұйымдарды таңбалау міндетті талаптарға қосымша мынандай ақпараттары болуы шарт: бұйымның үстіңгі және астары материалындағы табиғи және химиялық шикізаттың түрі мен массалық үлесі, сондай-ақ үлбір түрі және оны өңдеу түрі (боялған немесе боялмаған); бұйымның үлгі өлшем шкаласы немесе өнімнің нақты түріне арналған нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес мөлшері; бұйымды күту жөніндегі символдары және пайдалану процесінде бұйымды күту ерекшеліктері.

Жаңа туған нәрестелерге арналған бұйымдар мен 1 жасқа дейінгі балаларға арналған киім-кешек бұйымдары "алдын ала жуу міндетті" ақпаратымен сүйемелденуі қажет.

"Экологиялық таза", "ортопедиялық" нұсқауларын және басқа да осыған ұқсас нұсқауларды тиісті растаусыз пайдалануға жол берілмейді.

Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалау (растау) рәсімінен өткен балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс.

Толық ақпаратты Сіз Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыз.

Біздің мекен-жай: Алматы қаласы, Жандосов көшесі,2.   Тел.: 8 (727) 392-15-03, 392-13-26. Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.