ЗАҢСЫЗ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

ЗАҢСЫЗ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

Алматыда өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттарды заңсыз беруді жүзеге асыратын консалтингтік ұйымдардың заңсыз қызметіне қарсы күрес мәселелері бойынша кеңес өткізілді

2019 жылдың 26 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттарды заңсыз беруді жүзеге асыратын консалтингтік ұйымдардың заңсыз қызметіне қарсы күрес мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Бұл кеңес"Алматы" кеден бекетінің алаңында өтті.

Кеңес жұмысына Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасының, "ҰАО" ЖШС өкілдігінің, консалтингтік компаниялардың өкілдері және кедендік брокерлер қатысты.

Бұл кеңес Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 8 қаңтардағы         № 215-VI ҚРЗ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын түсіндіруге бағытталған.

13-баптың 1-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелмеген сәйкестікті растау жөніндегі қызметтерді ұсынатын ұйымдардың жарнамасына тыйым салатын нормасы енгізілген.

Сонымен қатар, жалған жарнама түрінде, жарнама берушінің жарнамада тұтынушыны тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты жаңылыстыратын ақпаратты пайдалану бойынша Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 157-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілігі жөнінде түсініктеме берілді.

Дөңгелек үстел барысында ашық диалог және жемісті пікір алмасу орын алды.