
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік мекемелер, жергілікті мектеп ұйымдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Жаңаөзен қаласы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Ұлттық стандарттар талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментімен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының мамандарымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы. Техникалық шарттар», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы салынған мөр. Техникалық талаптар» ұлттық стандарттардың талаптары туралы баяндамалар слайдпен безендіріліп көрсетілді.
Сонымен қатар, кездесу барысында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандартына стандарттың барлық мәтінінде «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуды «QAZAQSTAN» латын графикасында жазу бөлігінде өзгеріс енгізілгені туралы, бұрын дайындалған және орналастырылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбаларын ауыстырудың өтпелі кезеңдері туралы түсінік берілді.