
Төрт жыл бойы Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты ҚР ИИДМ Техниқалық реттеу және метрология комитеті Павлодар облысының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін менеджмент жүйесі бойынша ақысыз негізде оқыту семинарларды өткізеді.
2019 жылғы 25-сәуірде 100 қатысушы мынадай тақырыптар бойынша оқытылды:
- ISO 9004 «Сапа менеджменті. Ұйымның сапасы. Тұрақты табысқа жету бойынша ұсыныстар»;
- ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйелері. Пайдалану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық».
Дәрісті "Астаналық сапа және метрология орталығы" ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның басшысы, менеджмент жүйелері бойынша сарапшы-аудитор Елена Булатова оқыды.
- ISO 9004 стандарты ISO 9001 стандартының талаптарын енгізу бойынша жетекшілік емес, жалпы ұйымның қызметін жақсартуға бағытталған ұсынымдарды қамтитын жүйені жақсарту бойынша жетекшілік болып табылады. ISO 9004 стандарты менеджмент жүйелерінің жекелеген аспектілерін жақсартудың көптеген жаңа идеяларын қамтиды, - деп атап өтті лектор.
Энергия менеджментіне жүйелі көзқарас бүгінде өте өзекті тақырып, өйткені ол үздік әлемдік тәжірибені ескеретін ISO 50001 стандартының ұсынымдарын ескере отырып процестерді құруды көздейді. Энергия ресурстарын басқару және энергия үнемдеу қазіргі кәсіпорындар үшін ең өзекті процестердің бірі болып табылады.
«Қазақстан алюминий» АҚ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «Павлодар Таратушы Электржелілік Компания» АҚ, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «ТЕМIРМАШ» Павлодар зауыты» ЖШС, «Павлодар Құбыр Арматура зауыты» ЖШС сияқты ISO 50001 енгізілген кәсіпорындардың, сонымен қатар энергия менеджметін енгізуді жоспарлап отырған басқа да кәсіпорындар зерттеліп отырған тақырыпқа ерекше қызығушылық танытты.
Семинар барысында тыңдаушылар тәжірибелік қызметте, сондай-ақ аудит барысында туындаған сұрақтарды қойып, білікті жауаптар алды.