
ШҚО бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті облыстың криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген «Металл» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында таразыны пайдалану кезінде метрологиялық ережелер мен нормалардың бұзылуы анықталды.
Жедел іс-шараның мақсаты-металдарды қабылдау пункттерінің заңсыз іс-әрекеттерінің алдын алу және түсті металды заңсыз сатып алуды анықтау.
Өткізілген іс-шараның нәтижесі бойынша Өскемен қаласының, Ұлан, Жарма, Шемонаиха аудандарының металл қабылдау пункттерінде тексерілмеген таразылар пайдаланылды.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес сенімсіз таразыларда металл сынықтарын қабылдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзуды жою, жарамсыз өлшем құралдарын пайдаланудан алу туралы ұйғарымдар берілді. Әкімшілік айыппұлдар өндіріліп алынды,кінәлі тұлғалармен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасын бұзуға жол бермеу жөнінде түсіндіру әңгіме жүргізілді.
