
ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент өкілдері Қазақстан стандарттау және сетрификаттау институты филиалымен бірлесіп техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын түсіндіру мақсатында Петропавл қ., «Прометей» ЖШС барып қайтты.
Кәсіпорын 1996 жылы құрылған және машина жасау өнімдерінің отандық өндірушісі болып табылады.
«Прометей» ЖШС агроөнеркәсіптік кешенде импорттық техникаға арналған қосалқы бөлшектер өндірісі бар көп бағытты қуаттарға ие. Кәсіпорындағы қызметкерлер саны 33 адам.
Қазақстан бойынша кәсіпорын «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» АҚ, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру кәсіпорны» АҚ жұмыс істейді.
Кәсіпорын мынадай өнімдер шығарады: компенсатор блогы, сепкіштерге арналған қосалқы бөлшектер, комбайндарға арналған қосалқы бөлшектер, құрастыру көтергіші, Бубновский және Ступаков блогтар.
Қазіргі кезде бұрғылау қондырғыларына арналған сорғылар, металлургиялық кешен үшін электропневматикалық дистрибьюторларға арналған сорғылар, экскаваторларға арналған қосалқы бөлшектер өндірісі, гидравликалық және пневматикалық цилиндрлер өндірісі игерілді.
Сондай-ақ, кәсіпорын Ресей Федерациясы «Нефтемаш» АҚ, «Омскагротехсервис» ЖШҚ-мен ынтымақтастық орнатылды. Өндірілген өнімдер экспортталады.
«Прометей» ЖШС Қазақстан Республикасының бірыңғай тауарлық каталогына және Қазақстан Республикасының отандық тауар өндірушілерінің тізіліміне енгізілген.
Бұл сапар, ЖШС өтініші бойынша өнеркәсіптік сертификат алуға, өндірілген өнімге МЕМСТ стандарттарын қолдануға байланысты сұрақтарға байланысты ұйымдастырылады. Барлық сұрақтарға кешенді жауаптар берілді.