ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЙРАҒЫНА АРНАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАУЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЙРАҒЫНА АРНАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАУЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ӨТТІ

Президент Байрағына арналған техникалық талаптар талқылауы бойынша сұрақтар мәжілісі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы А.А. Шаккалиевтың басшылығымен өтті.

Мәжілісте ҚР Президентінің Іс басқармасы және Әкімшілігі өкілдері, «ҚазСтИн» РМК, Тіл саясаты және ҚР МСМ тіл саясаты комитетінің геральдика қызметі басқармасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Ж. М. Мәлібеков, сондай-ақ басқа да өндірістік компания өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті байрағында және төсбелгісінде өзгеріс белгісі бар. Президент үкімінде Байраққа сипаттама берілген, атап айтқанда, ҚР Туының түсі және көлеміне арналған талаптар, ҚР Елтаңбасының кескініне талаптар және алтын түстес сапты оюларға арналған талаптар көрсетілген.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің Байрағына қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу және бекіту туралы ортақ пікірге келді.

Әзірленген және бекітілген техникалық талаптар болашақта техникалық сипаттама ретінде қолданылатын болады.