ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ МЕРЕКЕСІНІҢ АЛДЫНДА

ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ МЕРЕКЕСІНІҢ АЛДЫНДА

Таразда департамент қызметкерлері 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы ұлттық спорт түрлерінен өткізілген облыстық турнирінде 3 орынға ие болды.

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында  1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы ұлттық спорт түрлерінен өткізілген облыстық турниріне қатысты.

Турнирдің мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында саламатты өмір салтын насихаттау; мемлекеттік басқару органдары қызметшілері арасында ұлттық спортты дамыта отырып, мемлекеттік қызметшілер арасында достық қатынасты орнату; мемлекеттік қызметшілерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту; ұлттық спорт ойындарына деген қызуғышулықты арттырып, насихаттау.

Жарыстың жалпы басшылығын ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүргізді, тікелей өткізуін Басқарманың бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығы мен жарыстың бас төрешісіне және спорт түрлерінің төрешілеріне жүктелді.

Садақ атудан ерлер арасында 3 орын алған техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент команда ойыншысы бас маман Асқар Бейсенбаев марапатталды.