
Ағымдағы жылдың 02 мамырында Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығын бітіруші курс студенттерімен ШҚО бойынша ТРМКД өкілдерінің кездесуі өтті.
Іс-шарада Мемлекеттік қызметке кіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Студенттер Департамент қызметінің өзекті бағыттары, техникалық реттеу және метрология жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар туралы білуге мүмкіндік алды.
Құттықтау сөз алған ШҚО бойынша ТРМКД басшысының орынбасары Әсем Жақсыбаева қатысушыларды мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібімен, алдын алу бақылау түрлерімен, кәсіпкерлік субъектілерінің әкімшілік жауапкершіліктері туралы таныстырды.
Кездесу барысында Департаменттің бас маманы Бақытжан Сейітов ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, Техникалық шарттар», «QAZAQSTAN» латын графикасында «Қазақстан» сөзін жазудың ерекшеліктері туралы айтты.
Болашақ Техникалық реттеу мамандары ҚР-ның нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі мәселелерімен танысты.