ПАРФЮМЕРЛІ-КОСМЕТИКАЛЫҚ ӨНІМНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

ПАРФЮМЕРЛІ-КОСМЕТИКАЛЫҚ ӨНІМНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Соңғы уақытта косметикалық тауарларды тұтыну бүкіл әлемде, соның ішінде біздің елде де өсіп келеді.  Қазақстан нарығында жаңа қасиеті бар көптеген жаңа тауарлар пайда болды, оның ішінде көптеген шетелдік және отандық фирмалар. Косметикалық құралдың қауіпсіздігі өнімді таңдаудың міндетті өлшемі болып табылады.

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 799 шешімімен Кеден одағының "Парфюмерлі-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 009/2011) техникалық регламенті қабылданды, ол КО мүше-мемлекеттердің аумағында айналымға шығарылатын тұтыну ыдысындағы парфюмерлік-косметикалық өнімге таралады.

Осы Техникалық Регламент адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ тұтынушыларды оның мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында өнімге, сондай-ақ онымен байланысты өндіріс процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

Парфюмерлік-косметикалық өнім осы Техникалық регламентке сәйкес келген кезде нарыққа шығарылады, бұл ретте ол сәйкестікті міндетті растау рәсімінен өтуі тиіс.

Парфюмерлік-косметикалық өнімнің сәйкестігін бағалау КО мүше мемлекеттерде белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханасының қатысуымен алынған дәлелдемелер және жеке дәлелдемелер негізінде декларациялау нысанында сәйкестікті растау жолымен жүргізіледі.

Парфюмерлік-косметикалық өнімнің сәйкестігі туралы Декларация және өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бір атаудағы өнімнің бір немесе бірнеше атауына ресімделеді және қауіпсіздік көрсеткіштерінің өзгеруіне әкелетін өнімнің атауына және/немесе өнімнің рецептурасына өзгерістер енгізілгенге дейін қолданылады.

Осы КО техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалау рәсімінен өткен парфюмерлік-косметикалық өнімдер КО мүше – мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс.

Парфюмерлік-косметикалық өнімді таңбалау тұтынушыға арналған "Парфюмерлі-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы"Техникалық регламенттің қосымшаларында көрсетілген таңбалауға қойылатын талаптарды ескере отырып, тұтынушы ыдысына, затбелгі, сандық, түстік және графикалық белгілер түрінде ақпарат салу жолымен жүргізіледі.

КО – ға мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалау өнімді нарықта айналымға шығарар алдында жүзеге асырылады. КО – ға мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі парфюмерлік-косметикалық өнімнің жарамдылық мерзімі ішінде айқын және анық бейнені қамтамасыз ететін кез келген тәсілмен салынады.

Толық ақпаратты Сіз ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыз.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 2. Тел.: 8 (727) 392-15-03, 392-13-66. Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.