
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті жеке кәсіпкерлік субъектілерімен бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар айналымы саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері: Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті, Павлодар облысының дін істері басқармасы, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өткізушілер және ломбардтардың өкілдері қатысты.
Жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптары түсіндірілді, зергерлік бағалы металдар мен асыл тастардан және басқа да бұйымдарды сараптама жүргізу тәртібі туралы, қымбат металдар мен асыл тастар туралы ережесінде міндетті тіркеуге ұйымның таңбасы болуы тиіс.
Зергерлік бұйымда Қазақстан Республикасы нышанының бейнесі сынамалық таңба «Барыс басы» және «Қазақстан KZ» бірыңғай - бар халықаралық аббревиатурасы міндетті түрде болуы тиіс, уәкілетті ұйымдардың кодтарымен, сондай-ақ дайындаушының осы бұйымға өзі таңба келтіруі.
Еліміздің барлық аумағында зергерлік өндіруші бұйымдарында маркалары таңба болмаса сатылуға жол берілмейді. Таңбаның жоқтығы және бұйымға сынамалық таңба болмаса бұйымдар заңсыз дайындалған белгілерінің бірі болып табылады.
Заңнама талаптарын бұзуы Әкімшілік жауапкершілік Кодексіне көзделеді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 190-1, - жеке тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 80 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-100 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК.
Павлодар облысы Дін істері басқармасының басшысы Дәулет Закарьянов діни нышандар элементтері бар зергерлік әшекейлер мен кәдесыйларды жүзеге асыру жөнінде түсініктеме берді және "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау басқармасының басшысы Нұрболат Нұрахметов қатысушылардың назарына олардың бюджетке міндетті салық төлемдерін төлеу туралы өтініш беру.
Кездесу қорытындысы бойынша ашық диалог пен нәтижелі пікір алмасу өтті.