
ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті және «КазСтИн» РМК Қостанай филиалы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында техникалық реттеу бойынша өңірлік штабтың отырысын ұйымдастырды.
Кездесуге облыстың астық өндірушілері, сараптамалық зертханалар және экспортқа бағытталған кәсіпорындар қатысты.
Облыстық штабтың отырысында келесі мәселелер талқыланды:
1. Техникалық реттеу саласында мемлекеттік бақылауды жетілдіру;
2. ЕАЭО «Астықтың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттердің тізбелерінің жобаларын талқылау;
3. 2020 жылға арналған Ұлттық стандарттау жоспарына ұсыныс - өтініш тәртібі туралы ақпарат ұсынылды.
Кездесудің соңында қатысушыларға техникалық реттеу және стандарттау саласындағы негізгі талаптар түсіндірілді, сондай-ақ барлық сұрақтарға жауаптар берілді.