"ГЕЛИОС" АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ ЖШС-НДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

"ГЕЛИОС" АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ ЖШС-НДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2019 жылдың 04 мамырда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, "Гелиос" Алматы филиалы ЖШС кәсіпорынына барды.

Бұл іс-шараның мақсаты техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы заңнаманы түсіндіру болды.

Гелиос-Ежелгі Грецияда күн құдайы деп аталды.  Қазақстан аймақтары бойынша бөлшек және көтерме сауда мен мұнай өнімдерін жеткізуге маманданған компания да осылай аталды. Компания құрылған күннен бастап өз ЖМС желісін кеңейту стратегиясы әзірленді.

ЖМС желісі Қазақстанда тарамдалған: 61 елді мекендегі 270 жанармай құю. Helios компаниясы 1999 жылдың 27 қыркүйегінде құрылды және Қазақстанда ЖЖМ бөлшек саудамен айналысады.  26 мұнай базасы (жалға алынғандарды қоса алғанда), 7 меншікті стационарлық және бір жылжымалы сапаны бақылау зертханасы, ЖҚС жанындағы 255 шағын март, 55 Май алмастыру пункті.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бас маманы Ринат Имашев, техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманы, сонымен қатар РҚ Кәсіпкерлік Кодексінің жаңа талаптарын түсіндіріп берді.

Аталған іс-шараның мақсаты кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнамасы шеңберінде қызықтыратын ақпаратты түсіндіру болып табылады.