ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті тиісті жарлықпен ұлттық қарулы күштер құрды. Бұл күн Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелерінің бірі - Отан қорғаушылар күні тарихымыздың басталуы. Енді жыл сайын 7 мамырда Қазақстан Отан қорғаушылар күнін кеңінен атап өтеді.

7 мамыр - еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды мереке.   Бұл күні біз тек әскери қызметкерлерді құрметтеп қана қоймай, отандастарымыздың жауынгерлік ерліктерін еске аламыз.  Отан қорғаушылар күні - бұл батылдық пен қайсарлыққа ие, Қазақстанды сүйетін, оның тарихын құрметтейтін нағыз ерлердің мерекесі.  Сондықтан да бұл күн шын мәнінде ұлттық мереке. Сіздерге бақыт, амандық, Отан игілігі жолындағы істеріңізге табыс тілейміз!  

ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті