«ROLA-7» ЖШС-МЕН ЖҰМЫСТЫҚ КЕЗДЕСУ

«ROLA-7» ЖШС-МЕН ЖҰМЫСТЫҚ КЕЗДЕСУ

Техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру және консультативтік көмек көрсету мақсатында Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті РМК «ҚазСтИн» Жамбыл филалымен бірлесіп «Rola-7» ЖШС-і өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

«ROLA-7» ЖШС-і отандық бизнестің табысты дамуының мысалы болып табылады. 11 жыл ішінде «ROLA-7» Жамбыл облысының ірі өндірістік кәсіпорны болып, қызметкерлердің штатын 4,5 есеге ұлғайтып, жыл сайын жаңа өндірісті аша алды. Қазіргі уақытта компания макарон өнімдерінің 20 түрін, сондай-ақ жоғары сапалы ұн мен ұнтақ жармасын өндіреді. «ROLA-7» өнімі сапалы, экологиялық таза шикізатты пайдалану және өндірістің барлық кезеңдерінің сапасын мұқият бақылау есебінен бүкіл Қазақстан тұтынушыларының лайықты махаббатына ие болды. Кәсіпорында тиімді логистика жүйесі ұйымдастырылған. Тараз қаласы, Жамбыл облысы және Қазақстан Республикасы тұрғындарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 18 бірлігі бар автопарк құрылды. «ROLA-7» ЖШС өнімдері Астана мен Алматыда, сондай-ақ Шымкент, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Семей, Аягөз, Павлодар, Тараз сияқты ірі қалаларда табысты сатылады. Өнім Жаңатас, Қаратау, Шу, Қордай, Мерке, Т. Рысқұлов, Аса, Б. Момыш-ұлы, Сарыкемер аудандары мен Жамбыл облысының басқа да елді мекендерінің тұтынушылары арасында сұранысқа ие.

Кездесу барысында департаменттің бас маманы Марат Сармолдаев «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011) техникалық регламент талаптарын және олардың мүлтіксіз орындалуы туралы түсіндірді. «ҚазСтИн» директоры Асқар Мынбаев 2018-2020 жылдардағы  ұлттық стандарттардың жоспарын құру тәртібі, ҚР-дағы каталогтау жүйесін жүргізу,материалдық дерекқордың және  өнімніің  ғылыми-техникалық жағдайын КО ТР-не енгізуге дайындық,менеджмент жүйесінің қызметі және тәжірибесін енгізудегі сапасы, нормативтік құжаттармен  www.eurasiancommission.org, www.memst.kz,www.egfntd.kz сайттарында танысуға болатынын атап өтті.

Департамент пен «ҚазСтИн» қызметкерлері «ROLA-7» ЖШС-і өкілдері қойған сұрақтардың барлығына жауап берді.