
ҚР МИИР Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментімен бөлім басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі К. Е. Кәрімованың төрағалығымен ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін түсіндіру, сондай-ақ 2018 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың негізгі ережелері мен ұсыныстарын жариялау бойынша дөңгелек үстел өткізді. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің негізгі ережелері түсіндірілді, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның ережелерін кезең-кезеңмен іске асыру ұсынылды. Сонымен қатар, баяндамада халықаралық және ұлттық деңгейде сыбайлас жемқорлықтың таралу жағдайы мен үрдістері көрсетілген. 2018 жылдың қорытындысы бойынша TRANSPARENCY INTERNATIONAL сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексіне сәйкес Қазақстан 31 балл жинап, 180 елдің ішінде 124 орынға ие болды. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша 2018 жылы 2375 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, бұл 2016 жылға қарағанда 15,3% - ға аз (2807).
Өткізілген іс-шараның мақсаты мамандардың білім деңгейін, заңнама талаптарын арттыру, оларды практикада қолдану, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің кәсіпкерлікті және қоғамды дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға, сондай-ақ ұжымда ғана емес, қоғамда да сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және жою болып табылады.