
Жыл басынан бері бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар айналымы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР ИИДМ Техниқалық реттеу және метрологи комитетінің Шығыс-Қазақстан облысының департаменті зергерлік бұйымдарды сатуға қатысты бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шарамен Өскемен және Семей қалаларының зергерлік салондары, дүкендері, сауда үйлері, базарлардың сауда орындары, шеберханалар, алтынды сатып алу және сату ломбардтары қамтылды.
Іске асырушыларға бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік деңгейін түсіндіру арқылы зергерлік бұйымдар айналымы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы жаднамалар тапсырылды.
Бұдан басқа, Департамент БАҚ тетіктерін, баспасөзде жариялауды, дөңгелек үстелдер мен жұмыс кездесулерін қолдана отырып, зергерлік бұйымдарды сату саласындағы ҚР заңдарының сақталуын тұрақты түрде насихаттайды. Сондай-ақ департамент өз қызметінің негізгі бағыттары бойынша халықты ақпараттандыру жұмыстарын радиоэфирге шығу арқылы жүргізеді.
Облыс бойынша барлығы 105 зергерлік бұйымдарды өткізушілер қамтылды.