
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті өкілдерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндама» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Отырыс барысында, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Бөлім басшысы - Ж.Б. Акмаганбетов жиынға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және қызметтік әдеп нормалары бұзылуының алдын алу шаралары жөнінде айтып өтті.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы – Абельдинов Куандык Каршыгаевич «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндама» тақырыбында баяндама жасап, сыбайлас жемқорлық фактілеріне қатысты бейне материалдар көрсетті.
Дөңгелек үстел отырысы пікір алмасу форматында өтіп, қойылған сұрақтарға тиянақты жауаптар алынды.