
2019 жылдың 17 мамырында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Мереке Пшембаев жұмыс сапарымен техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне барды.
Жауапты хатшы ҚР ИИДМ аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес жұмысына сонымен қатар: индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Алматы қаласындағы «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшылары, Алматы қаласы бойынша «Мемсараптама» РМК, «Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ, Азаматтық авиация академиясы қатысты.
Күн тәртібінде персоналды басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Мемлекеттік қызмет көрсету, Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері қаралды. М. Пішембаев өз сөзінде барлығы оңтайлы шешілуі тиіс министрліктің негізгі міндеттерін атап өтті. Жауапты хатшы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін болдырмаудың және сыбайлас жемқорлықтың жаппай алдын алу, мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетудің маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, жауапты хатшы Мереке Пшембаев департамент басшысы Сауықбек Қапаевпен және Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Карлыгаш Абдижаббаровамен бірге «АКФ ПИТ» дербес кластерлік қорына, сондай-ақ «Интерлсенс» ЖШС Индустрия 4,0 зертханасына, «БИН+» ЖШС құрылыс технологиясы зертханасына, «Металласис» ЖШС ұнтақ металлургия зертханасына, Блокчейн-зертханасына барды.
