ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЕТРОЛОГИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЕТРОЛОГИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

2019 жылғы 20 мамырда «Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ  «Қазақстан метрология институты» РМК БҚФ бірге «АТАМЕКЕН» КП-нің конференция залында «Өлшем бірлігінің халықаралық жүйесі – айқын жақсы» ұранымен Дүниежүзілік метрология күніне орай семинар – кеңес  өткізді.

Семинар – кеңеске БҚО кәсіпкерлер палатасы «АТАМЕКЕН» ҰКП-нің және облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

Бұл шараны бөлім басшысы-Батыс Қазақстан облысының мемлекетік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары Жанахын Тыгынбаев ашып, қатысып отырған метрологтарды кәсіби мейрам Метрологтар күнімен құттықтады және де метрологтардың жас буынының қатысып отырғанын ескере отырып, Қазақстандағы метрологияның даму тарихын айтып өтті.

1875 жылы 20 мамырда Парижде халықаралық дипломатиялық конференцияда, бірыңғай халықаралық метрологиялық кеңістіктің негізін қалаған ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы бірінші үкіметаралық келісімге айналған атақты метрикалық конвенцияға (метрикалық конвенцияға) қол қойылғандығын ерекшелеп. Осы Конвенцияның негізінде өлшемдер мен шамалардың үкіметаралық халықаралық ұйым құрылғаннын. Содан кейін Қазақстан аумағында «Бүкіләлемдік метрология күннін» 2004 жылдан бастап аталып жүргендігін атап айтты.

БҚО кәсіпкерлер палатасы «АТАМЕКЕН» ҰКП директорының орынбасары Марат Нургуатов атаулы мерекемен құттықтады.

«ҚазМетрИнс» РМК БҚФ бас эксперті Сабиргалиев Решат «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы жаңа заңнама (заңдағы өзгерістер) бойынша сұрақтарма түсіндірме» баяндамасымен сөз сөйледі.

Жетекші эксперт Мергалиева Айнур мемлекеттік ғылыми-метрологиялық қызмет, тексеріс және калибрлеу саласы бойынша айналысатын коммерциялық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық сәттерін атап өтті.

Мерекелік шара соңында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің атынан Қазақстан Республикасында заңнамалық метрологияның дамуына белсенді үлес қосқан кәіпорындар метрологына мадақтама қағаздары табыс еттілді.