
2019 жылдың 20 мамырында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті "ҚазМетрИн" РМК ОҚФ-мен бірлесіп Дүниежүзілік метрология күніне орай "Отандық аспап жасаудағы метрологиялық қамтамасыз ету" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
20 мамырда әлем жұртшылығы Дүниежүзілік метрология күнін атап өтеді. Бұл халықаралық оқиға бүкіл әлем метрологтарының кәсіби қызметінің маңыздылығын мойындау, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету елдің де, әр адамның да экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін маңызды мәнге ие екендігінің айқын дәлелі болып табылады. Қазіргі қоғамның өмірі мен қызметінің барлық аспектілері – жаңа технологияларды енгізу, энергетика, денсаулық сақтау, экология мәселелері, сауда, спорт, көлік және т.б. анықтаушы дәрежеде өлшеулердің дәлдігіне, бірлігі мен сенімділігіне байланысты.
Іс-шараға "ҚазСтИн" РМК Алматы қаласы бойынша филиалының қызметкерлері, "ҰАО" ЖШС Алматы өкілдігі, сондай-ақ өлшеу құралдарын өндірушілер және қаланың метрологиялық қызмет атқаратын компаниялардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді өткізу барысында қатысушылар кәсіпорынның метрологиялық қызметтерінің қазіргі жағдайы және "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңның жаңа өзгерістері туралы талқылады.