МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЕТРОЛОГИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЕТРОЛОГИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

20 мамыр Дүниежүзілік метрология күнін мерекелеу аясында, 2019 жылы 20 мамырда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті және «ҚазСтИн» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалымен бірлесіп,  Ш.Есенов атындағы  Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг  университеті алаңында семинар-дәріс өткізілді. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері және оқытушыларымен қатар, «ҚазСтИн» РМК МФ, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ МФ , «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС және «KazCert International» ЖШС сынды облысымыздағы метрология және сәйкестікке растау саласындағы кәсіпорын өкілдері қатысты.

ҚР Тұңғыш Президентінің идеяларын жүзеге асыра отырып, өскелең ұрпаққа еліміздің инновациялық жетістіктері туралы түсіндіру аса маңызды жұмыс болып табылады, сондықтан семинарды өткізудің бірден бір мақсаты ЖОО студенттеріне техникалық реттеу және Стандарттау, метрология сертификаттау салалары бойынша бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, кадрлық резервті дайындау, сондай-ақ метрология және стандарттау саласында көптеген жылдар бойы еңбек еткен кәсіпорындардың білікті мамандарын тарта отырып, метрология саласы бойынша біліктілікті арттыру.

Семинар барысында Қазақстан Респбуликасы «Стандарттау туралы» жаңа заңын және Қазақстан Респбуликасы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңындағы өзгерістері мен толықтыруларына қатысты тақырыптар қозғалды. Өз кезегінде тыңдаушылар тарапынан метрологияның қолданылуы саласы туралы және Қазақстан Республикасындағы әскери метрологияның қолданылуына  қатысты сұрақтар қойылды.

Сондай-ақ студенттердің стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығына қызығушылықтарын арттыру мақсатында «ҚазСтИн» РМК МФ, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ МФ, «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС және «KazCert International» ЖШС мекемелерінің өкілдері өздерінің осы салада атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айту кезінде, студенттер тарапынан мамандыққа деген қызығушылықтарын танытты. Сондықтанда стандарттау, сертификаттау және метрология саласында болашақ білікті кадрлар дайындалатынына сенімдіміз.