
Ағымдағы жылдың 20 мамырда ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаменті «ҚазСтИн» РМК СҚО филиалымен бірлесіп Дүниежүзілік метрология күніне арналған Оқушылар сарайында жиналыс өткізді.
Осы шараға 60 астам адамдар қатысты: мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың зартханалардың өкілдері.
Метролог мамандығы мұғалім немесе дәрігер сияқты белгілі емес. Бірақ біз күнделікті өмірдің түрлі салаларындағы жұмысының нәтижелерімен бетпе-бет келеміз.
Метролог мамандығы жұмбақта және күрделі болып келеді. Олар өлшеу дәлдігінің маңыздылығымен және өлшеу әдістерін зерттейді және дәлдікті қалай жетуге болатындығын білетін адамдар.
Жиналыс екі бөліктен тұрды. Бірінші бөлімде жиналысқа қатысушылар Оқушылар сарайында орналасқан IT-технологиялар, робототехника, биотехнологияның ең танымал бағыттарын экскурсия ретінде қарап шықты. Екінші бөлімде – жиналыс өтті.
Жиналысты Департамент басшысы – СҚО мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Бейбіт Айтанұлы Әбілев ашты. Департаменттін бас маманы – СҚО мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы Алина Ринатовна Белогонова тындаушыларды Дүниежүзілік метрология күнінің, оның ішінде Қазақстандағы метрология дамуының тарихымен таныстырды, сондай-ақ «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген түзетулер де түсіндірілді. «ҚазСтИн» РМК СҚО филиалының директоры Лязат Дисембаевн Кенжетаева «Стандартизация туралы ҚР Заңы. Стандрттарды қолдану» атты тақырыбымен сөз сөйледі.
Орал теміржолының Петропавл филиалының «Ресей темір жолдары» ААҚ бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері - Эльвира Ергалиевна Иманбаева метрологтың жауапты жұмысы туралы айтып, әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кездесу соңында Департамент басшысы – СҚО мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Бейбіт Атанұлы Әбілев, Солтүстік Қазақстан облысының метрология саласындағы жұмысына өз үлестерін қосқандыры үшін білікті мамандарды марапаттады.

