ЕЛОРДАДА ҚР МЕТРОЛОГТАР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЕЛОРДАДА ҚР МЕТРОЛОГТАР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кездесудің өзекті тақырыптарының бірі "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" ҚР жаңа Заңы болды, ол стандарттауды халықаралық танылған үлгіге барынша жақындатты, онда жариялы талқылау арқылы мемлекет, тұтынушы және бизнес мүдделерінің консенсусы негізінде ұлттық стандарттарды қабылдау көзделген.

Отырыс барысында "ҚазМетрИн" РМК бас директорының орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов НҚА-да белгіленген талаптарды түсіндірді және алынатын өлшеу нәтижелерінің дәлдігін дербес реттеу мүмкіндігі ретінде калибрлеуге көшудің маңыздылығын және отандық өндірушілер мен бизнестің мүдделілігін атап өтті.

Соңында Метрологтар кеңесінің мүшелері өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі кіші комитеттің, техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі Консультативтік комитеттің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарымен танысты.