СТАНДАРТ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ ТУРАЛЫ

СТАНДАРТ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ ТУРАЛЫ

ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалы өкілдерімен бірлесіп 2019 жылға арналған Мемлекттік стандарттау жоспарына сәйкес, ҚРСТ ISO/IES TS 17021-10-20_ «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және аттестациялау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 10 бөлім. Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйелеріне аудит және аттестаттау жүргізу үшін персоналдың біліктілігіне қойылатын талаптар» ұлттық стандарт жобасын талқылауға арналған мәжіліс өткізді.

Мәжіліс барысында ««Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының сәйкестікті растау бөлімінің бөлім басшысы Бақытжан Мызамұратов және сектор жетекшісі Ольга Ленева мәжіліске қатысушыларды жобамен таныстырып, ұсыныстар мен толықтырулар беру туралы талқылап өтті..

Мәжіліске қатысушылардан жоба бойынша түскен 3 (үш) ұсыныстар мен толықтырулар «Қазақстан Стандарттау Институты» РМК-на жолданды жолданды.