
ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Казахювелир» АҚ зергерлік бұйымдарды сатушылар мен жеткізуішілер арасында жұмыс бабымен кездесу өткізді.
«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы талаптарында көрсетілген зергерлік бұйымдарда уәкілетті ұйымдардың аумақтық бөлімшелерінің кодтары бар «Барыс басының» нысаны, «КZ» Қазақстанның халықаралық аббревиатурасы бұйымда бейнелеуі, бұйымды жасаушының атаулы таңбасы болуын Департамент мамандары түсіндіріп өтті.
Сонымен бірге, зергерлік бұйымдарды сату кезінде аккредиттелген заңды тұлғаның бағалы металдар мен тастарға берген сараптамалық қорытындысы заңмен талап етіледі. Сонымен қоса, кедендік декларациялауға және кедендік тазартуға байланысты кедендік операцияларын аяқтамас бұрын, ЕурАзЭО-қа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына асыл тастарды және зергерлік бұйымдарды әкелу немесе осы елден әкету кезінде ТРМК Алматы қаласы бойынша департаментінен алынатын мемлекеттік бақылау актісі болуы керек.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, көзделген шаралар зергерлік нарықты тәртіпке келтіруге және адал кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы зергерлік индустрияның дамуына ықпал етеді.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ашық диалог және жемісті пікір алмасты.