ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ

ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалы өкілдерімен бірлесіп, облыстық кәсіпорындар мен мекемелер өкілдерінің қатысуымен «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар туралы» Қазақстан Республикасы техникалық регламентінің өзектендірілген жобасын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

Техникалық регламент адам өмірін, денсаулығын, мүлікті және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдерінің мақсатына және қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды (пайдаланушыларды) жаңылысқа соқтыратын әрекеттердің алдын алу, саудадағы техникалық кедергілерді жою мақсатында өмірлік циклінің барлық сатыларындағы құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын ең аз талаптарды белгілейді.

«Дөңгелек үстел» барысында департаменттің бас маманы Абдукаримова Айгүл Жақсылыққызы және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының сәйкестікті растау бөлімінің жетекші маманы - Шаханова Бақтыгүл Қуантайқызы қатысушыларды жобамен таныстырып, түскен ұсыныстар мен толықтыруларды талқылап өтті.

«Дөңгелек үстел»-ге қатысушылардан жоба бойынша түскен ұсыныстар мен толықтырулар ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне жолданды.