
2019 жылы 28 мамырда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің және "КазИнСт" РМК филиалының мамандары "Дильманов Б. А."ЖК-де жұмыс кездесуін өткізді.
Кәсіпорын 2003 жылы құрылған және ұлттық музыкалық аспаптар: шертпелі, ұрмалы, шулы және үрлемелі музыкалық аспаптарды дайындаумен кәсіби деңгейде айналысатын алғашқы Қазақстандық фирмалардың бірі болып табылады. Барлық шығарылған құралдарға кепілдік беріліп ақау болған жағдайда қайтадан қалпына келтіріледі. "Дильманов Б. А." ЖК-де жасалған құралдар Қазақстанның әр түрлі аймақтары бойынша таралған. Бүкіл әлемдік Қазақ қауымдастығының арқасында кәсіпорын Ресей, Түркия, Қытай, Моңғолияда біледі.
Кездесу барысында стандарттау және техникалық реттеу саласындағы Қазақстан заңнамасындағы өзгерістерге шолу жасалды.