
Ағымдағы жылдың 28 мамырында Техникалық реттеу және метрология комитетінің ШҚО бойынша департаментінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО департаментінің өкілімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО департаментінің бас маманы Арыстан Аскар Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің негізгі ережелері, халықаралық және ұлттық деңгейде сыбайлас жемқорлықтың таралу жағдайы туралы баяндады. Осылайша, Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымының мәліметтері бойынша, Қазақстан 31 ұпай жинады және сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі бойынша 124 орынға ие болды. 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі 180 елдің мемлекеттік секторында сыбайлас жемқорлықты өлшеуге бағытталған 13 зерттеуге және сараптамаға негізделген.
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері қарастырылып, күнделікті өмірде жиі кездесетін тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа ерекше назар аударылды. Сонымен «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» ұғымы қарапайым азаматтар мен шенеуніктердің өзара іс-қимылынан туындаған жемқорлық болып табылады. Арыстан Аскардың айтуынша, тұрмыстық жемқорлық денсаулық сақтау, білім беру, сот ісін жүргізу, тіркеудің әртүрлі түрлері және т.б. сияқты азаматтар мен билік органдарының күнделікті өзара әрекеттесуін қамтиды.
Өткізілген іс-шараның мақсаты мамандардың білім деңгейін, заңнама талаптарын арттыру, оларды практикада қолдану, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің кәсіпкерлікті және қоғамды дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға, сондай-ақ ұжымда ғана емес, қоғамда да сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және жою болып табылады.
Жұмыс кездесуі пікір алмасу форматында өтті және қойылған сұрақтарға толық жауап қайтарылды.