ЖОБАЛАР БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

ЖОБАЛАР БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

2019 жылғы 28 мамырда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті техникалық регламенттер жобаларын талқылап ұсыныстар мен ескертулер әзірлеу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.                    

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласындағы "ҚазСтИн" РМК филиалы, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сондай-ақ құрылыс саласында өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Осы кеңестің мақсаты "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы" және "Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенттеріне ұсыныстар мен ескертулер әзірлеу бойынша жобаларды талқылау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысымен бекітілген "Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтер тізбесіне" енгізілген құрылыс өнімдері сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жатады, ал осы тізбеге енгізілмеген құрылыс өнімдері өтініш берушінің бастамасы бойынша сәйкестікті ерікті бағалауға жатады.

Дөңгелек үстел барысында ашық диалог және нәтижелі пікір алмасу өтті, барлық мүдделі тұлғалар өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, қатысушыларға көрсетілген техникалық регламенттерге өз ұсыныстары мен ескертулерін ұсыну бойынша ұсыныстар берілді.