ТРМК ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫ СЕРІК КУСАИНОВ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ТРМК ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫ СЕРІК КУСАИНОВ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

2019 жылдың 27 мамырында Техникалық реттеу және метрология комитетінің төраға орынбасары Серік Кусаинов жұмыс сапарымен ТРМК ШҚО бойынша департаментіне келді.

Серік Кусаинов «ҚазСтИн»,  «ҚазМетрИн» филиалдарының директорлары, сәйкестікті растау және сынақ зертханасы мекемелерімен жұмыс кездесуін өткізді. Ол өз сөзінде аймақтық мекемелер және бағынысты ұйымдар өңірлердегі Комитет өкілдері ретінде Комитеттің негізгі міндеттерін орындау қажет екендігін айтты.

Кездесу барысында актуалды сұрақтар метрология саласының даму перспективалары және жай-күйіне қатысты, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 296 «Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау туралы» қаулысы талқыланды. Автокөлік құралдарын кеден бекеттерінде рәсімдеу мәселелеріне  декларацияланған автокөліктердің сәйкестікті бағалау туралы  ұсынылған құжаттардың 4 және 5 экологиялық класстарға сәйкестігін растау сұрақтарына   ерекше назар аударылды.

Төрағаның орынбасары жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасын бақылауды күшейтуді және тиісті заңнаманың талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.

Метрологияның дамуына үлес қосқаны және белсенді жұмысы үшін Төраға орынбасары С.К. Кусаинов ШҚО бойынша департамент басшысы Б.Қ. Құнафияновқа «Еңбегі сіңген метролог» атағын берді.