"КАМАЗ-ИНЖИНИРИНГ" АҚ БАЗАСЫНДА ОҚЫТУ ӨТТІ

"КАМАЗ-ИНЖИНИРИНГ" АҚ БАЗАСЫНДА ОҚЫТУ ӨТТІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Көкшетау қаласында "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ базасында оқыту өтті.

"КАМАЗ-Инжиниринг"АҚ техникалық бюросының бастығы және жетекші инженер-технологы автомобильдердің сыртқы белгілері бойынша 5 экологиялық класқа сәйкестігін анықтау алгоритмінінің ақпараттық сипаттағы мәліметтерін жеткізді. Олардың аумағында «КАМАЗ» маркалы N3 санаттағы автомобильдердің үлгілері ұсынылды, онда Евро-5 нормативтеріне қол жеткізуге әсер ететін автомобильдің негізгі компоненттері егжей-тегжейлі көрсетілді. Сондай-ақ, олар альбомдық буклет түрінде тарататын материал әзірледі.

Оқу барысында қызықты сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды. Техникалық бюро мамандары 3 және 5 экологиялық класты жүк автомобильдері арасындағы айырмашылықтарды сауатты айтып, көрнекі түрде көрсетті. Аталған іс-шара департамент мамандары үшін нәтижелі өтті, алынған білім болашақта көлік құралдарын тексеру және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен тауарлар түрінде орналастырылған құжаттарды тексеру кезінде қолданылатын болады.