
ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаменті «ҚазСтИн» РМК СҚФ-мен бірлесіп техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік құжаттардын талаптарын түсіндіру мақсатында Петропавл қ. «Основание» ЖШС құрылыс компаниясына барып қайтты.
Компания 1995 жылы құрылды. Өткен жиырма бес жыл ішінде компания күрделілігі әр түрлі деңгейдегі құрылыс жобаларын іске асыру тәжірибесін алды. Бүгінгі таңда қалыптасқан компания құрылымы оған ірі масштабты жобаларды тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ бірнеше жүз шаршы метрге шағын құрылыс жобаларын салуға мүмкіндік береді.
1995 жылдан бастап "Основание" ЖШС Қазақстан аумағында ондаған нысан салды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тайынша ауданында "Болашақ" балабақшасы, Мамлют ауданының мектеп интернаты салынды. Петропавл қаласында "Шуховский" тұрғын үй кешені, жаңа шағын аудандардың тұрғын үйлері, "Фрегат" сауда үйі, Квант дүкені, сондай-ақ Петропавл қаласына кіре берістегі стелла. Компания "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ арқылы тұрғын үй құрылысына қатысады.
Кәсіпорын өнімнің келесі түрлерін дайындайды: тауарлық бетон, темір-бетон бұйымдары, пластикалық терезелер, есіктер, балкон жақтаулары ағаш бұйымдары, алюминий профилінен аспалы қасбеттердің барлық элементтерін және кез келген күрделіктегі металл құрылымдарды дайындау. Кәсіпорын базасында өзінің аттестатталған зертханасы бар. 280 тұрақты жұмысшы. "Дуалды оқыту" бағдарламасы бойынша Петропавл құрылыс-экономикалық колледжімен студенттер тәжірибелік сабақтар өтетін жұмысшы мамандықтарды дайындау бойынша келісім жасалды.
Кәсіпорынды аралау барысында Департамент қызметкерлері техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарын түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта пайдалану үшін қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді