
Алматы облысының Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті және ҚазСтИнст Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалымен бірге, Іле ауданында «ДАМУ» логистикалық орталығы үшін семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: Еуразиялық экономикалық одақ ЕАЭО шеңберінде өнімдерді әкелу тәртібі туралы, ЕАЭО және Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері туралы және стандарттау және техникалық регламенттерінің қолдану практикасының мәселелері бойынша хабарландыру болды.
Семинарға қатысушылар өнімдерді әкелу ережелерін, «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін, сондай-ақ «Интернет-дүкен», «Электрондық жоспарлау» интернет-ресурстары туралы ақпарат берді.
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментпен "ҚазСтИн" РМК Алматы облысы бойынша филиалының мамандары, стандарттарды әзірлеу рәсімдері, стандарттаудың Ұлттық жоспарына өтінім беру, сәйкестік сертификаттарын беру және шығару, дайын өнімге сәйкестік декларацияларын тіркеу туралы кәсіпскерлердің сұрақтарына жауап берді.
Ұйымдастырушылар, өнімдерді импорттау Кеден одағының аумағына өнімдерді (тауарларды) әкелу тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылатынын, оған қатысты өнімдерді бекітудің міндетті талаптары мен рәсімдері 2018 жылғы 18 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 44 «Сәйкестікті бағалаудың типтік сызбалары туралы» шешіміне сәйкес белгіленетіндігін атап айтты.