
ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлері «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті «Казсушар» шаруашылық жүргізу құқықығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» Қызылорда филиалын техникалық реттеу және метрология саласы бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін аралады.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын күтіп ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қызылорда облысының су тұтынушылары мен су пайдаланушыларына ауыз су және суаратын сумен қамтамасыз ету болып табылады. «Қазсушар» ШЖҚ РМК магистралды құбырлар мен таратушы желілер арқылы ауыз су беруші табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекетттік тізілімінің республикалық бөліміне енгізілген.
Кәсіпорынды аралау барысында техникалық реттеу, метрология, КО техникалық регламенті және т.б нормативтік құжаттардың талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.