
Алматы қаласында Дүниежүзілік аккредиттеу күніне арналған "Аккредиттеу: жеткізу тізбегіндегі құндылықты көбейту" атты халықаралық форум өтті.
Еуразиялық экономикалық комиссия, ЕАЭО мүше-мемлекеттердің аккредиттеу органдары, мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық, қоғамдық бірлестіктер және аккредиттеу субъектілері өкілдерінің форумы жұмысына қатысушыларды құттықтай отырып,
Ұлттық деңгейде және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу және аккредиттеу жүйесін дамытудың маңыздылығы мен перспективаларының негізінде,
Жеткізілімдер тізбегінде, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың экспорттық қозғалысын дамытудағы аккредиттеу рөлін назарға ала отырып,
Бизнесті дамыту үшін жағдайларды жақсарту және саудадағы техникалық кедергілерді алып тастау мақсатында,
Форумға қатысушылар келесі ШЕШІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мемлекеттік құрылымдар мен бизнес-қоғамдастықтың экспортты ілгерілету, саудадағы техникалық кедергілерді азайту және ішкі нарықты қорғау бойынша өзара іс-қимылын жандандыру;
2. ЕАЭО мүше-мемлекеттердің уәкілетті органдарынан транзиттік әлеуетті дамыту, тауардың қадағалануы және ішкі нарық пен сыртқы экономикалық қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау бойынша бірлескен жұмысты күшейтуді сұрайды;
3. Еуразиялық экономикалық комиссиядан Техникалық реттеу мәселелері бойынша өзара сенім мен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында ЕАЭО шеңберінде Ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша жұмыстарды қамтамасыз етуді өтіну;
4. ЕАЭО құжаттарындағы аккредиттеу схемалары бойынша халықаралық стандарттарды сәйкестендіру туралы ұсыныспен Еуразиялық экономикалық комиссияға жүгіну;
5. Еуразиялық экономикалық комиссиядан аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалау саласындағы сенімсіз құжаттарды беру жөніндегі қызметті бақылау мәселелері бойынша ЕАЭО мүше-мемлекеттердің іс-қимылдарын үндестіру бойынша жәрдем көрсетуді өтіну.