ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2019 жылдың 25 маусымында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Физика-техникалық институт» ЖШС-нің  қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманы түсіндіру болды.

Физика-техникалық институт-Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысы бойынша құрылған ғылыми-зерттеу ұйымы. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен "Физика-техникалық институт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды.

Институттағы зерттеулердің негізгі бағыттары: конденсирленген орта және материалтану физикасы, жоғары энергия және ғарыштық сәулелер физикасы. Институттың құрамында алты зертхана бар, олардың әрқайсысы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін ғылыми-технологиялық инфрақұрылымға ие. Институт жалпы ауданы 8800 шаршы метр болатын үш зертханалық және өндірістік корпусқа ие. Институт қызметінің маңызды аспектісі-кең халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық. Институт 70-ке жуық ғылыми орталықтар мен университеттерді қамтитын көптеген елдермен (Ресей, Беларусь, АҚШ, Германия, Жапония, Сауд Арабиясы және Корея Республикасы) байланысты қолдайды. Тек Қазақстанда ғана Физика-техникалық институт 50 зерттеу орталықтарымен, университеттермен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен және түрлі қалалардың фирмаларымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Кездесу барысында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері, техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің жаңа талаптарын түсіндіріп берді.