ТАМАҚ ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫНЫНА БАРУ

ТАМАҚ ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫНЫНА БАРУ

2019 жылдың 25 маусымында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы өкілдерімен бірлесе отырып, «Jennet» ЖК барды.

Кәсіпорынға барудағы мақсаты дайын тағам өнімдерін техникалық реттеу және метрология саласындағы Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптары бойынша қалай дұрыс таңбалау керек екендігі айтылды.

Сондай-ақ, өнімнің сәйкестігін растау жүйесі түсіндірілді. Осылайша, тамақ өнімдері декларациялау нысаны түрінді сәйкестікті растау жүйесі бойынша жүзеге асырылады.

«Jennet» сауда маркасы халықты қатырылған жартылай дайын өнім және нан-тоқаш өнімдермен қамтамасыз ету және өндіру мақсатында 2011 жылы құрылды. Компанияның өнімі жоғары сапалы талаптарға сай келетін өнімдерді шығаруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жабдықпен жабдықталған.

Осы кездесудің қорытындысы бойынша, Департамент және «КазИнСт» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы өкілдері дайын өнімнің таңбалануы, өнімдердің сәйкестігін растау рәсімдері, техникалық реттеу және метрология саласындағы мамандарды даярлау бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндірді.